Тікелей эфир

БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының XXIV сессиясы өтті

Оралдағы "Атамекен"  өнер  ордасында  "Ел  бірлігі  –  жаңарған  Қазақстанның  тірегі"  тақырыбы  бойынша  Батыс  Қазақстан  облысы  Қазақстан  халқы  ассамблеясының  XXIV  сессиясы  өтті. Сессияға облыстық  ассамб­леяның  этномәдени  бірлестіктері  мен  құрылымдық  бөлімшелері,  қоғамдық  келісім,  ақсақалдар  және  аналар  кеңестері,  мемлекеттік  құрылымдар,  бизнес  өкілдері,  кәсіподақ,  "Ассамблея  жастары"  жастар  қозғалысы  мен  еріктілер,  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  өкілдері  қатысты. 

Сессия  жұмысын  облыс  әкімі,  БҚО  Қазақстан  халқы  ассамблеясының  төрағасы  Ғали  Есқалиев   ашты. 

Ұлттық құрылтай мүшесі, "Орал  өңірі"  газетінің  бас  редакторы  Бауыржан  Ғұбайдуллин  Ұлттық  құрылтайдың  негізгі  мақсат-міндеті  туралы  айтты.
Облыстық ассамблеяға қарасты орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы, Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Сергей Быков "Азаматтық бірлікті мәдениет пен өнер арқылы нығайту" тақырыбында баяндама жасады.

– Мен төрағалық еткен қысқа мерзім ішінде ағымдағы жылдың ақпан-маусым аралығында біз бірқатар іс-шаралар өткіздік. Оған қала мен облыстан, Қазақстан мен Ресейдің жақын өңірлерінен 2000-нан астам бала қатысты. Бұл мәдениет қоғамды біріктіретінін, өскелең ұрпақты отандық және шетелдік өнердің үздік үлгілерінде тәрбиелеуге мүмкіндік беретінін көрсетеді. Біз өзгеріс кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Бізде әрбір қазақстандықтың алдына қойылған – елдегі бейбітшілік пен амандықты сақтау және көбейту міндетін іске асыру үшін барлық қажетті ресурстар бар,– деді Сергей Быков.

 

"Еднання" украин этномәде­нибірлестігінің мүшесі Михаил Бродяной этносаралық алауыздық және ұлтаралық қақтығысқа жол бермеудің маңызы жөнінде сөз қозғады. "Ел бірлігіне сызат түсіретін арандатушылық әрекеттерге уақытылы тосқауыл қою қажет. Бұл бағытта Қазақстан халқы ассамблеясы жұмыла еңбек етуде. Менің туған жерім – Қазақстан. Ата-бабам осында қоныстанған. Отанымды шын жүрегіммен сүйіп өстім. Бәрімізге ортақ құндылықтар ды қадірлей білу қажет", – деді Михаил Бродяной

БҚО ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы, Еуразия халқы ассамблеясының іскерлік байланыс кеңесінің тең төрағасы, "МонтажТехСервис" ЖШС компаниясы тобының бас директоры Болат Сәрсенов "Жаңа жағдайдағы Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық қатынастарының перспективалары"  туралы  айтты.

Дөңгелек үстелде БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Данильбек Саратов ассамблея жұмысы туралы баяндаған соң, сессия қатысушылары  өзара  пікір  алмасты.

Н. Рахманов, БҚО

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары