Тікелей эфир

БҚО-да тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаты толықтырылды

depositphotos.com
depositphotos.com
Биыл облыстық бюджеттен тұрғын үй сертификаттарын беруге 199 миллион 500 мың теңге бөлінді.

Батыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Миржан Нұртазиев 2020 жылдан бастап өңірде азаматтарға бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін мемлекет тарапынан тұрғын үй сертификаттары беріле бастағанын мәлімдеді.  

2020-2021 жылдары 99 азаматқа жалпы сомасы 49 759 мың теңге көлемінде тұрғын үй сертификаттары берілді. Биыл облыстық бюджеттен тұрғын үй сертификатын беруге 199 миллион 500 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күнге дейін 50 азамат жалпы сомасы 29 миллион 989 мың теңгеге болатын тұрғын үй сертификаттарын алды. 

"Биыл қазан айында облыс бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттары толықтырылды. Енді бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған 29 жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер де тұрғын үй сертификаттарын алуға өз өтінішін бере алады", – деді Миржан Нұртазиев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте. 

Сондай-ақ, тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарына мүгедектігі бар балалар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сонымен бірге I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, толық емес отбасылар, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, агроөнеркәсіптік кешен және құқық қорғау салаларында қызмет ететін қажет мамандар еңбек қызметін жүзеге асыратын қажетті мамандар да кіреді. 

БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Миржан Нұртазиевтің сөзінше, өңірде үй кезегінде тұрғандар саны 31 498 адамды құрайды. Олардың ішінде 11 470-і әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар санатына жатса, 3 246-сы – көпбалалы отбасылар.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары