Саперлер снарядты жойды.
Батыс Қазақстан облысында артиллериялық снаряд табылды. Бұл туралы облыстың полиция департаменті хабарлады.
Снаряд 19 шілдеде Бәйтерек ауданы Щапов ауылын табылған.
"Сағат 12.30-да Байқоңыр көшесі, 13 мекенжайында "Отдел Строй" ЖШС маңында 47 жастағы тұрғын жер қазып жатқан кезде екі метр тереңдіктен артиллериялық снаряд тауып алған. Снарядтың диаметрі – 76 мм, ұзындығы – 320 мм. Сағат 15.35-те барлық қауіпсіздік шарасын сақтай отырып БҚО ПД саперлары снарядты жойды", – делінген хабарламада.