Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев мәлімдеді. Ұлттық жобаны іске асыру мақсатында республика бойынша 2025 жылға дейін 655 медициналық нысан салынады деп жоспарланып отыр. Ал оның елуі Батыс Қазақстан облысында салынады.
2023 жылы алғашқы 24 нысанның құрылысы басталады. Олардың ішінде жеті ауылдық дәрігерлік емхана мен жеті фельдшерлік-акушерлік, он бір және алты фельдшерлік-акушерлік пункт бар.
"2024 жылы қалған 26 нысанды, атап айтқанда бес ауылдық дәрігерлік емхананы, он ФАП және он бір медициналық пунктті іске асыруды бастауды жоспарлап отырмыз. Жыл басында облыс әкімінен медициналық мекемелерге қатысты тапсырма беріліп, іске кірісіп кеттік. Бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысының 8 ауданындағы 14 объектіде жер учаскелерін анықтадық. Ол бойынша мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқан жобалар аяқталған. Дәрігерлік амбулаторияға жоба дайын. Құрылысты келесі жылдан бастап бастауды жоспарлап отырмыз", – деді Әлібек Антазиев.
Жиында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы проблемалық мәселелер де қаралды. Батыс Қазақстан облысы ауылдарында кадр тапшылығы жалғасып жатыр.
"Денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауылдарда кадр тапшылығы байқалып жатқанын айтты. Біраш екі жылда шешіледі деп отыр. Бүгінде медицина кадрларының тапшылығы - 131 маман. Жергілікті кадрларды даярлау үшін көптеген гранттар береміз. Биыл республикалық және жергілікті бюджеттерден 140 грант берілді. Біздің аудан әкімдерінің кемшілігі бар. Дәрігер болғысы келетін балаларды мектеп, жоғары оқу орындарынан іздеу керек. Объектілер салу мен құрал-жабдық сатып алумен қатар, ауыл дәрігерлерінің қарапайым оталармен тәжірибесін арттыруымыз керек", – деді облыс әкімінің міндетін атқарушы Ғали Есқалиев.