Тікелей эфир

Биыл жемқорлардан жиналған қаражатқа 70-тен астам мектеп салынады

Осы уақытқа дейін арнайы шотта жемқорлардан тәркіленген 120 млрд теңге жиналған.

Қазақстанда жемқорлардан тәркіленген 120 млрд теңгеге 70-тен астам мектеп салынады. Бұл туралы үкімет кулуарында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

"Жемқорлардан жиналған қаражатқа биыл 70-тен астам мектеп салынады. Құрылысқа қажет құжаттар дайын. Тізім бар. Сол себепті жуық арада сол тізім бекітіліп, мектептердің құрылыс басталады. Бұл жаңа мектептерге де, құрылысын аяқтау қажет мектептерге де қатысты", – деді министр.

Ғани Бейсембаев министрліктің мектеп құрылысымен барлық аймақты қамтуға тырысатынын айтты.


Оқи отырыңыз: Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа қанша мектеп салынады


Еске салайық, президент сыбайлас жемқорлық істері аясында тәркіленген қаражатты арнайы шотта жинап, білім беру инфрақұрылымын қолдауға пайдалануды тапсырған болатын. Болжам бойынша, онда 100 млрд теңгеге жуық қаражат түсіруге тиіс еді. Ал Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы бір мектепті салу шығынын 5-6 млрд теңгеге бағалап, 170-ке жуық орта оқу орны салынады деп болжам жасаған болатын.

Серіктестер жаңалықтары