Тікелей эфир

Биыл жазда Алакөлге қандай әуе және теміржол көліктерімен баруға болады

Биыл қосымша 3 Тальго пойызы қосылса, Qazaq Air Алматыдан әуе рейсін ашуды жоспарлап отыр.

Биылғы жазғы демалыс маусымында Қазақстанның өңірлерінен Алакөлге қалай баруға болатынын Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында хабарлады. 

Оның айтуынша, қазіргі таңда Алакөлге, яғни Достық станциясына 4 пойыз арқылы және 2 әуе компаниясының қызметімен баруға болады. Олар: 

  • №337/338 "Алматы – Достық";
  • №6941/6942 "Ақтоғай – Достық";
  • "Астана – Достық" (№121/122 "Астана – Семей" пойызының құрамында);
  • "Қызылорда-Достық" (№21/22 "Қызылорда – Семей" пойыздың құрамында) пойыздары.

Сондай-ақ, Алакөлге Алматыдан SCAT және "Южное небо" әуе компанияларының қызметі арқылы жетуге болады.  


Оқи отырыңыз: Алакөл, Балқаш әлде Каспий? Қазақстанда көл жағасында демалу қанша тұрады?


"Жазғы кезеңде жолаушылар тасымалына қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында, Алакөл көлі бағытында (Достық станциясы) ағымдағы жылы қосымша 3 Тальго пойызын, стандартты құрамдағы 4 пойызды және тоқтаусыз вагондарды іске қосу жоспарлануда", – деді Тамара Дүйсенова. 

Оған қоса, үкімет басшысы орынбасарының сөзінше, осы жазда Qazaq Air әуе компаниясы Алматыда Алакөлге қарай рейсті іске қосады.


Оқи отырыңыз: Алакөлге апаратын жол құрылысы 2024 жылы толық аяқталады


 

Серіктестер жаңалықтары