USDUSD: 511.7 / 514.1
  • EUREUR: 582.0 / 587.0
  • RUBRUB: 6.07 / 6.19
Тікелей эфир
Алматы +22C
Все города

Биыл "Семей орманында" өртті ерте анықтау жүйесі енгізіледі

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстанда қазір 1 млн гектардан астам жер өртті ерте анықтау жүйесімен қамтылған.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман өрттерін ерте анықтау жүйесін енгізуді жалғастыруда. Өртті ерте анықтау жүйелермен қамту мемлекеттік орман қорының 1,3 млн га аумағын құрайтын болса, биыл жүйе "Семей орманы" резерватында орнатылады. 

Бұл туралы экология министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында айтты. Оның сөзінше, "Семей орманынан" бөлек өртті ерте анықтау жүйесі 23 орман шаруашылығында да енгізіледі. Жыл соңына қарай бұл жүйемен 5,6 млн гектар мемлекеттік орман қоры қамтылады. 

Министр, сондай-ақ орман шаруашылықтарына өрт сөндіру техникасын жаңартуға 26 млрд теңгеден астам қаражат бөлінетінін айтты. 

Жыл басынан бері Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мекемелері үшін 3,7 млрд теңге сомасына 136 шағын орман өрт сөндіру кешені мен 60 трактор жеткізілді. Маусым айының соңына дейін тағы 166 өрт сөндіру машинасы, 27 шағын орман өрт сөндіру кешені және 11,3 млрд теңге сомасына 15 трактор жеткізіледі. 

"Облыс әкімдіктері орман шаруашылығын жарақтандыруға биыл жергілікті бюджеттен 6,3 млрд теңге және лизинг есебінен 20 млрд теңге бөлді. Осылайша, жыл соңына дейін әкімдіктердің орман шаруашылықтарына 26,3 млрд теңге сомасына 186 өрт сөндіру машинасын, 186 шағын орман өрт сөндіру кешенін және 247 трактор сатып алу жоспарланып отыр. Қабылданып жатқан шаралар еліміздің ең өрт қаупі жоғары 11 өңірінде орман шаруашылығын жаңартуға және 100% жарақтандыруға мүмкіндік береді", – деді министр.


Оқи отырыңыз: "Семей орманы" табиғи резерваты 4,5 миллиард теңгеге сатылып жатыр


 

Серіктестер жаңалықтары