Тікелей эфир

Биыл Қазақстанда 110-115 мың жаңа көлік сатылады деп болжанып отыр

Елде жаңа жеңіл көлік пен жеңіл коммерциялық техниканың сатылымы 73,4 мың бірлікті құрады.

Бүкіл әлемде көлік нарығы қиындыққа тап болып отыр. 2021 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша, жаңа жеңіл көліктер сатылымы төмендеп, жалпы сатылым 17,7%-ды ғана құрады. Салыстырмалы түрде осы жылдың бірінші жарты жылдығында жылдық өсім 29,4%-ды құраған еді, деп хабарлайды Еnergyprom.kz басылымы. 

2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстан жеңіл көлік пен коммерциялық техниканы 39% көп өндірді.

  • Ресейде сатылым – 21,3%;
  • Қытай – 20,1%;
  • Жапония – 7,9%;
  • Германияда 2,5% өсті.

Керісінше Оңтүстік Кореяда сатылым – 3,4%, ал көрші Өзбекстанда 35,7% қысқарды. Соңғысында көлік сатылымының қарқынына 15 шілде мен 21 тамыз күндері UzAuto Motors авто зауытының жұмыс істемеуі әсер етті.

Елде жаңа жеңіл көлік пен жеңіл коммерциялық техниканың сатылымы 73,4 мың бірлікті құрады. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда көп. Мысалы, 2020 жылы – 21,9%, 2019 жылы 19,6%-ды құраған еді. 

Қыркүйек айында Қазақстанда дилерлер 10,5 мың жеңіл авто көлік пен коммерциялық техника сатты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3% көп. Ал әлемде жаңа көлік сату қарқыны бірден 20,3% азайды.

Сондай-ақ:

  • Ұлыбритания – 34,4%;
  • Жапония мен Италия – 32,7%;
  • Ресейде 22,6% төмендеді.

Жалпы 2021 жылы елде шамамен 110-115 мың жаңа көлік сатылады деп болжанып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18%-24% көп. Ал көрші Ресейде жаңа автомобильдер сатылымы – 5%-7%, Қытайда 4% өседі.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары