Сектордағы Қазақстанның ең "арзан" өңірлерінің рейтингі жасалды.
Energyprom.kz мәліметінше, 2021 жылдың ІІ тоқсанында қазақстандық отбасылардың коммуналдық қызмет, тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеуге шығыны бір үй шаруашылығына орта есеппен 34,5 мың теңгеден келді. Бұл ақшалай мәнде бір жыл бұрынғы көрсеткіштен – 17,6%, бес жыл бұрынғыдан – 36,3% және он жыл бұрынғыдан – 84% көп.
Екінші тоқсанда жалпы барлық бағыт бойынша, бір үй шаруашылығына орта есеппен 676,6 мың теңге жұмсалды. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда – 19,5%, бес жыл бұрынғыдан – 67,1% және он жыл бұрынғыдан 2,3 есе артық.
Сонымен бірге, ақшалай табыс тоқсан ішінде бір үй шаруашылығына 703,7 мың теңгеге жетті – өткен жылға қарағанда – 13,5%, бес жыл бұрынғыға қарағанда – 56,8% және он жыл бұрынғыдан 2,3 есе жоғары.
Осылайша, халықтың коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстау мен жөндеуге шығыны қазақстандық отбасылар шығындарының жиынтығынан әлдеқайда баяу серпінмен өсуде.
2021 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша, коммуналдық қызмет, тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеуге шығындардың үй шаруашылықтарының тұтынушылық шығындардан үлесі небәрі 5,5% құрады. Салыстырсақ, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш – 5,6%, бес жыл бұрын – 6,7%, он жыл бұрын 6,9% болған еді.
Іс жүзінде отбасылық бюджеттегі коммуналдық және тұрғын үй төлемдерінің салмағы соншалықты үлкен емес. Бұл өсіп жатқан инфляция және өзге сектордағы бағалардың тұрақсыздығымен салыстырғанда, қандай да бір оптимистік үміт сыйлайды.
Атырау, Алматы және Жамбыл облыстарында коммуналдық төлем отбасылық бюджетке аса ауыртпалық түсірмейді. Мұнда шығындардың жалпы үлесі 3,1% бастап 3,8% аралығында, ал жиынтық шығындардың үлесі 3,7% аспайды.
Барлық бағыт бойынша шығынға ең көп ұшырайтын отбасылар:
- Алматы – 818,9 мың теңге;
- Қызылорда – 795 теңге;
- Қарағанды – 778,5;
- Шымкент – 508,3;
- Қостанай облысы – 528,2;
- БҚО-да – 580,1 мың теңге.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-