Сот шешімімен 1331 шетел азаматы елден шығарылды.
Алматы қалалық Полиция департаментінің көші-қон қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері қалаға 97 319 шетел азаматы келген. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
"Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 10 977 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 1331 шетел азаматы елден шығарылды", – деп жазылған хабарламада.
Шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзған 176 жұмыс берушіге әкімшілік шара қолданылды.
Оқи отырыңыз: Президент: Қазақстан Орталық Азияда экономикалық локомотив қызметін атқарып отыр
USD:
503.5 / 509.5
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63