Тікелей эфир

Бишімбаевты ұстаған полицейлер жазаланды

24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевты қылмыс орнында ұстаған полицейлер жауапқа тартылды.

Тәртіп сақшыларына қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін сөгіс жарияланған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Айта кетсек, Бишімбаевты қолға түсірген полицейлердің бірі қылмыскерден сұрақ-жауап алу кезінде марқұмға тіл тигізіп, сөздері видео-тіркеуішке түсіп қалған болатын. Жазба кейін сотта да көрсетілді. Осыдан кейін Астана қаласының полиция департаменті қызметтік тексеру бастаған.

Ал екінші тәртіп сақшысы қылмыс орнында Бишімбаевпен тұрғанда жерге түкіргені үшін сөгіс алды. Екі қызметкерге айыппұл да салынған.


Оқи отырыңыз: Салтанат Нүкенованың өлімі: Бақытжан Байжанов апелляциялық шағым түсірді


Ал кеше Жоғарғы соттың ресми сайтында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты 4 жылға сотталған Бақытжан Байжановтың сотқа аппеляциялық шағым түсіргені мәлім болды. Еске салсақ, ол аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылған.

Серіктестер жаңалықтары