Тікелей эфир

Бишімбаев Нүкенова туралы: Ол менен 8 емес, 12 рет кеткен болатын

Айыпталушы өзіне келген видеодан кейін арада түсінбестік басталғанын айтады.

Экс-министр Қуандық Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованың өлімімен байланысты болып жатқан сот отырысында арада түсінбестіктің неден басталғанын айтты.

"Жәбірленуші Жаңа жылда Салтанаттың мазасызданғанын айтты. Мен екеуіміздің бірге болатынымызды, болмайтынымызды білмеген кезең болды. Сол уақытта маған Telegram арнаға сілтеме келді. "Қараңыз, әйеліңізге ұқсайтын адамды көресіз" деп жазылған. Бұл түнде болды. Мен қатты таңқалып көре бастадым. Жүзі көрінбейтін қыздың эротикалық видеосын көрдім. Мен қалай үнсіз қаламын? Оған көрсетіп: "Кешір, әрине, неге маған мынандай видео жібереді? Бұл видеодағы сен бе, жоқ па түсіндір" дедім. Біздің отбасылық өмір осылай басталды", – деді Қуандық Бишімбаев. 

Осыдан кейін Бишімбаев Нүкеноваға татуласайық деп өзі өтініш айтқан. Айыпталушының сөзінше, осыдан кейін әйелі мазасызданып, Бишімбаевты қызғана бастаған. 


Оқи отырыңыз: "Бұл менің адамгершілік парызым". Қуандық Бишімбаев Нүкенованың ата-анасынан кешірім сұрады


"Жәбірленуші оның менен 8 рет кеткенін айтты. Ол, тіпті, 12 рет кеткен болатын!" – деді Бишімбаев. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары