1 наурыздан бастап Қазақстан шекарасында күндізгі уақытта жұмыс істейтін тоғыз автокөлік өткізу пункті жұмыс уақытын өзгертеді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан өтетін адамдарға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ҰҚК Шекара қызметі келесі автомобильдік өткізу пунктерінің жұмыс регламентіне өзгерістер енгізді:
Ресей Федерациясымен:
"Найза", Павлодар облысы
"Қоянбай", Абай облысы
"Байтанат", Абай облысы
Қытай Халық Республикасымен:
"Нұр Жолы", Жетісу облысы
"Достық", Жетісу облысы
"Қолжат", Алматы облысы
"Бақты", Шығыс Қазақстан облысы
"Майқапшағай", Шығыс Қазақстан облысы
Қырғыз Республикасымен:
"Кеген", Алматы облысы.
Оқи отырыңыз: Бір уақыт белдеуі: 1 наурызда жұмыстан кешікпес үшін не істеу керек
2024 жылғы 1 наурыздан бастап көрсетілген өткізу пункттері сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Өзгерістер Үкіметтің 23.11.2000 жылғы № 1749 қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00.00-ден бастап елдің барлық аумағында бірыңғай сағаттық белдеудің белгіленуіне байланысты енгізілді.