Тікелей эфир

Бірыңғай уақыт белдеуі: Қазақстанда жұмыс бір сағатқа ерте басталуы мүмкін

Жұмыс кестесін қайта қарау үшін қызметкерлер басшылықпен келісе алады.

Елімізде бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.  

Жұмыс кестесін қайта қарау үшін қызметкерлер басшылықпен келісе алады, өйткені келісім екі тараппен келісіліп, жасалады.

"Бізге көп хат келіп жатыр, біз оларға жауап береміз. Жұмыс беруші мен жұмысшының арасында келісімшарт бар, жұмыс кестесін екі жақ бірге жасайды. Сондықтан қараңғыда жұмыс істемеуі үшін, жұмыс берушімен келісіп, жұмыс кестесін қайта қарай алады. Негізі бұл күрделі сұрақ емес", – деді Светлана Жақыпова.

Сонымен қатар министр жеке және бюджеттік мекемелерге ұсыныс берілгенін айтты.

"Ұсыныс бердік, яғни, жұмыс бір сағатқа ерте басталуы мүмкін. Негізі келісімшарт екіжақты жасалады. Ол Еңбек кодексінде жазылған, заңға сәйкес", – деп толықтырды ведомство басшысы.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары