"Бірыңғай медиа-платформа" мен "Ұлттық электрондық кітапханасы" ақпараттық жүйелері бірігеді

Фото: Gov.kz
Фото: Gov.kz
Қазіргі таңда Бірыңғай медиа-платформаны құру жұмыстары жүріп жатыр.

Қазақстанда "Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы" ақпараттық жүйесінде 80 мыңнан астам кітаптар, диссертациялар, газеттер мен журналдардың электрондық көшірмелері жинақталған. Енді бұл ақпараттық жүйені қазір әзірленіп жатқан "Бірыңғай медиа-платформа" жүйесімен біріктіру жоспарланып отыр. 

Кейін біріккен ақпараттық жүйеге Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының электронды нұсқалары енгізіледі. 

"Аталған платформа газеттер мен журналдардың міндетті тегін даналарын сақтауға арналған және оқырмандар мен қоғамға қажетті материалдарды пайдалану үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Екі жүйені интеграциялау барысында газеттер мен журналдарды есепке алу, оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету, электрондық және цифрлық форматқа көшіру бойынша бірыңғай қағидаларды әзірленіп, бекітіледі", – делінген премьер-министр Олжас Бектеновтің сенат депутаттарына берген жауабында

Үкімет басшысының мәліметінше, Бүгінгі күнге елімізде 5029 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. 2025 жылы ел аумағында 515 жаңа БАҚ тіркелді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары