Тікелей эфир

Біріккен Араб Әмірлігінде – 308 млрд теңге. Қазақстандықтар ақшасын қай елде сақтайды?

Шетелдік депозиттердегі қаражаттың жалпы сомасы 529 млрд теңгені құрайды. 

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың өз ақшасын қай елде сақтағанды жөн көретінін жариялады. 

Шетелдік депозиттердегі қаражаттың жалпы сомасы 1,6 млрд долларды немесе 529 млрд теңгені құрайды. 

"2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияларда шетелдік банктерде шоттары бар 354 жеке тұлға бойынша деректер ұсынылған. Оның 138-і – лауазымды тұлғалар. Ақшаның жалпы сомасы 1 665 746 550 долларды (529 132 842 427 теңге) құрайды", – деді комитет өкілдері. 


Оқи отырыңыз: Отбасы банкінде қосалқы қарыз алушыны қалай шығарады? Банк басшысы түсіндірді


Шетелдік банктердегі ең көп сома;

  • Біріккен Араб Әмірлігінде – 308 млрд теңге;
  • Сингапурда – 158 млрд теңге;
  • Швейцарияда – 36 млрд теңге.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары