Олар Бішкектің тергеу изоляторына қамалды.
Қырғызстанның әскери прокуратурасы қазақстандық генерал Серік Күдебаевты шекарадан заңсыз өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, 4 күдіктіні ұстады. Бұл туралы 24.kg ақпарат агенттігі хабарлады.
Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Қазақстан-Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өткен.
"Серік Күдебаев Түркияға "Манас" әуежайы арқылы ұшып кетті. Әскери прокуратура заңсыз көші-қон фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір бұл іс бойынша төрт адам айыпталуда. Олар Бішкектің тергеу изоляторына қамалды. Алдын ала ақпарат бойынша, қатысушылардың бірі – әскери қызметкер, қалғаны – қарапайым тұрғындар", – деп жазды қырғызстандық БАҚ.
Айта кетейік, Серік Күдебаевтың үстінен екі қылмыстық іс қозғалған еді. Қаңтар оқиғаларынан кейін сотталған генерал елден қашып кетті. Кейін ұсталып, сот 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🎭 Қазақ ұлттық опера және балет театры Астанаға гастрольдік сапармен келді
-
349
-
0
-
2
-
-
2🇹🇷 Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды
-
323
-
0
-
0
-
-
3📈 Үкімет қаулысы: 1 шілдеден кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі
-
141
-
0
-
0
-
-
4🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
-
108
-
0
-
0
-