Дубайға барып демалатын қазақстандық туристердің саны өткен жылмен салыстырғанда 19 пайыз артты. Бұл Дубай мен Қазақстан арасындағы берік туристік байланыстардың дамуын көрсетеді, деп хабарлайды Дубай экономика және туризм департаменті.
DET Қазақстаннан келетін туристер санының, әсіресе 2023 жылдың жазында айтарлықтай өскенін атап өтті: туристік ағын 2022 жылмен салыстырғанда 24 пайызға және 2019 жылдың жазымен салыстырғанда 84 пайызға өсті. 2024 жылы Қазақстаннан келетін туристер санының өсуі жалғасуда: жылдың алғашқы алты айында келушілер саны 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға өсті. Ал Дубай, Астана, Алматы және Шымкентті байланыстыратын тікелей әуе қатынасы қалалар арасындағы байланысты одан әрі нығайтады.
"Қазақстан Дубай үшін маңызды және перспективалы нарыққа айналды және біз 2023 жылы қазақстандық туристер санының 19 пайызға өскеніне қуаныштымыз. Бұл екі аймақ арасындағы байланыстардың нығаюын көрсетеді және Дубайдың жетекші туристік бағыт мәртебесін растайды. DET туристік инфрақұрылымды дамыту және қазақстандық саяхатшыларда ерекше әсер қалдыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Дубайда біз Қазақстаннан келген әрбір саяхатшыны ұмытылмас әсер, жайлы және қауіпсіз демалыспен қамтамасыз етуге тырысамыз", – деді Дубай экономика және туризм департаментінің Өңірлік даму бағытының басшысы Бадер Әли Хабиб.
Оқи отырыңыз: Түркістан, Ташкент, Дубай. Бес күн Наурызда қайда барып демалуға болады