USD: 473.9 / 476.5
  • EUR: 541.0 / 546.0
  • RUB: 5.91 / 6.03
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Бір жылда аурухана қызметтерінің бағасы 60 пайыз қымбаттады

Жыл басынан бері ауруханалардағы хирургия бөлімдері 107,2 млрд теңгеге қызмет көрсетті.

Қазан айының қорытындысы бойынша, аурухана қызметтерінің бағасы бір айда – 0,3%, ал бір жылда 10,1% қымбаттады, деп хабарлайды Energyprom.kz сайты. 

Ең жоғары баға келесі өңірлерде тіркелді:

  • Алматы облысы – 20%;
  • Түркістан облысы – 18,1%;
  • Павлодар облысы – 15,6%.

Ал ең төмен өсім Ақтөбе облысында тіркелді, бір жылда 0,8% ғана өскен.

2021 жылдың І жарты жылдығынды аурухана қызметтерінің бағасы 618,7 млрд теңгеге жетті, өткен жылмен салыстырғанда 60,3% көп. Салыстырмалы түрде 2020 жылдың қаңтар-маусым айларында 385,9 млрд теңгеге қызмет көрсетілді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 12,9% көп.

  • бюджет есебінен – 547,8 млрд теңгеге қызмет көрсетілді, өсім – 56,7%;
  • халық өз ақшасынан төлеген қызметтер саны – 66,7%, 38,7 млрд теңгеге;
  • кәсіпкерлік есебінен – 2,4 есе өсті, 32,2 млрд теңгеге дейін.

Келесі өңірлерде бәрінен көп қызмет көрсетілді:

  • Алматы – 99,4 млрд теңге, өткен жылға қарағанда 67,2% көп;
  • Нұр-Сұлтан – 79 млрд тг, 79,2% артқан;
  • Түркістан облысы – 56,3 млрд теңге, 74,9%.

Ал бәрінен аз Атырау облысында қызмет көрсетілді – 11,7 млрд теңгеге, 2020 жылмен салыстырғанда 33,4% көп.

Жыл басынан бері ауруханалардағы хирургия бөлімдері 107,2 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 33,9% көп. Сондай-ақ:

  • гинекология – 55,5 млрд теңге;
  • оңалту орталықтары – 27,2 млрд теңге;
  • психиатриялық аурухана – 19,9 млрд теңге.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау