Тікелей эфир

Бір жыл бұрын 43% өскен. Биыл ұн бағасы қаншаға қымбаттады?

Ең қымбат баға Атырау облысында тіркелді.

Биыл қаңтар-қыркүйекте дәнді және өсімдік дақылдарынан жасалған ұн; олардан майда тартылған ұн қоспаларын өндіру бір жылда 2,1% өсіп, 2,4 млн тоннаны құрады. Бұл туралы energyprom.kz сайты жазды. 

Тиісті кезеңде өндіріс көлемінің ұлғаюы екінші жыл қатарынан байқалды.

Отандық ұн тартушылар 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында сектордағы сұраныстың 98,6 пайызын қамтамасыз етті. Импорт бар болғаны 1,4 пайызды құрады, алайда бұл импорттың үлесі 1% болған бір жыл бұрынғыдан көп. Ұн импортының көлемі бір жылда 40,7% өсіп, 27,9 мың тоннаны құрады.


Оқи отырыңыз: Түркістан облысында тауық еті бір жылда 56 пайыз қымбаттады


Ұн экспорты 11,9% өсіп, 1,2 млн тоннаны құрады. Алайда қазақстандық ұн халықаралық нарықта беделін түсіріп барады. 

2023 жылғы қаңтар-тамызда ішкі нарықтағы сату көлемі 5,6% төмендеп, 792,1 мың тоннаны құрады.

Биыл қыркүйектің соңында ұн бағасы бір жыл ішінде небәрі 1,5% өсті. Бұл ретте бір жыл бұрын 43,1% өсім байқалған. Айта кетейік, ұн 10 жыл қатарынан қымбаттап келеді.

ҚР-ның 20 өңірінің 11-де ұн қымбаттады. Баға Атырау облысында айтарлықтай өсті: бір жылда 15,6%. Одан кейін Алматы және Қызылорда облысы: тиісінше 9,9% және 9,2%. Бағаның ең аз өсуі Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында байқалды: тиісінше 1,3% және 1,7%.

Республиканың қалған 9 өңірінде ұн бағасы төмендеді: Жетісу облысында 1,8 пайыздан Алматы облысында 12,8 пайызға дейін арзандады.


Оқи отырыңыз: Бір жылда сергітетін газдалмаған сусын 35% қымбаттады


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары