Мектеп салу үшін бөлінген 96,6 млрд теңгенің тең жартысына жуығы игерілмесе, Атырау облысында қаржы мүлдем жұмсалмаған.
Биыл мектеп құрылысына бюджеттен бөлінген қаражаттың 58 пайызы ғана игерілген. Сондай-ақ, жыл соңына дейін құрылысы жүріп жатқан 18 объектінің уақытылы қолданысқа берілмеу қаупі бар. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова хабарлады.
"Бюджет қаражатына мектеп салу мәселесіне тоқталсақ! Өкінішке орай, картина көңіл толтырарлық емес және біраз алаңдатып отыр! Мектеп салу әдістемесі, механизмі, қаржылай қолдау бар, бірақ 1 қазандағы жағдай бойынша, тек 56,3 млрд теңге игерілген. Бұл осы мақсатта бөлінген бюджеттің 58%-ы, бастапқыда 96,6 млрд теңге жоспарланған болатын", – деп жазды Бибігүл Асылова.
Мектеп салу үшін бөлінген бюджет Солтүстік Қазақстанда 86%, Жамбыл облысында 78% және Алматыда 75% игерілген. Алайда кей өңірде бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейден төмен. Мысалы, Ақтөбе облысында – 31%, Маңғыстау облысында – 39%, Атырау облысында қаржы мүлдем игерілмеген.
"1 қазанда мемлекеттік бюджет есебінен 52 мектеп пен 2 оқу орны пайдалануға берілді. Осының арқасында 3 апатты мектеп мәселесі шешілді, 12 мектептегі үш айлық оқу жойылды, сондай-ақ, 25 мектепте оқушы орны тапшылығы мәселесі шешілді. Мұнымен қатар, 18 объектінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталып бітпеуі мүмкін: Ақмола облысы – 3, Алматы облысы – 5, Қызылорда – 1 және Түркістан облысы – 1", – деді Бибігүл Асылова.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
183
-
0
-
0
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
173
-
0
-
0
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
159
-
0
-
1
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
78
-
0
-
1
-