Тікелей эфир

Білім грантының бағасын арттыру жоғары оқу ақысына әсер ете ме? Министр жауабы

Жоғары білім министрлігі білім сапасын арттыру үшін мемлекеттік білім грантының құнын өсіруді жоспарлап отыр.

Қазақстанда магистратура және докторантура бойынша білім грантының құны өседі. Бұл туралы Үкімет кулуарында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

"Осы жылдан бастап біз магистратура, докторантура гранттарының құнын өсіреміз. Ол кемінде бакалавриатпен теңесуі керек. Ал 3 жылдың ішінде оның көлемі 1,5-2 млн теңгенің көлемінде болады", – деді министр.


Оқи отырыңыз: Ғылым министрі ЖОО неліктен магистр мен доктор дайындаудан қашатынын түсіндірді


Журналистердің "Ақылы бөлім студенттері үшін де оқу ақысы артуы мүмкін бе?" деген сұрағына министр:

"Жоқ, бұл көбінесе грантпен оқитындар үшін..." – деп жауап берді.


Оқи отырыңыз:


Айта кетейік, Саясат Нұрбек журналист Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында 5-10 жылдан кейін мемлекеттік бюджеттің халықты тегін жоғары біліммен қамтуға шамасы жетпей қалуы мүмкін екенін айтқан еді. Оның айтуынша, қазіргі таңда грант сомасы сапалы білім беру шығындарын жаба алмайды. Министр білім сапасын арттырудың бір жолы грант құнын арттыру екенін айтады.

Серіктестер жаңалықтары