2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Осған орай, Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланатын сенімді әрі негізгі дереккөздерді жариялады. Олар:
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ресурстары:
Ұлттық тестілеу орталығының ресми парақшалары:
Биыл 104 мыңнан астам талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 10 мыңға артық.
Ең көп таңдалған қала – Алматы, 42 мың бала оңтүстік астанамызды студенттік шақ өткізу үшін таңдаған. Елорданың оқу орындарында оқу үшін 22 мың өтініш қабылданса, 6,5 мың адам Шымкент қаласының университеттерінде оқуға ниет білдірген.
Гранттар тағайындау жөніндегі шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Оның құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
Ал жоғары оқу орындарына қабылдау, әдеттегідей, 25 тамызда аяқталады.
Оқи отырыңыз: 79 мың грант – 104 мың талапкер: Қазақстанда білім грантына өтініш қабылдау аяқталды