Білім беру саласының қызметкерлеріне құқықтық кеңес беретін сайт ашылды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстанда мектептерге әр күн сайын 7 әкімшілік айыппұл салынады.

Қазақстанда білім беру саласының мамандарына – басшыларына, есепшілеріне және мұғалімдеріне арналған жаңа заңдық анықтамалық-ақпараттық жүйе іске қосылды. Бұл туралы "Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігі хабарлады. 

Бірлестіктің атқарушы директоры Дидар Смағұловтың айтуынша, Quqyq.kz сайты білім саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алуды мақсат етеді. 

"Бастаманы ең осал әрі ең маңызды саладан – мектептерден бастаймыз. Бұл – онға жуық мекеме тарапынан тексерілетін, әрі ресми статистика бойынша күн сайын 7 әкімшілік айыппұл салынатын білім ұялары", – деп жазды ол. 

Дидар Смағұловтың сөзінше, Қазақстанда мемлекеттік органдар тарапынан ең көп тексерілетін және сәйкесінше айыппұл да көп салынатын сала – осы білім саласы. 2023 жылы мектептерге 1771 әкімшілік айыппұл салынса, оның сомасы 530 миллион теңгеге жуық болған. 

Сайт арқылы консультация беру қызмет ақылы, айына 85 мың теңге. Бұл ақыға штаттағы 5 түрлі салаға (төтенше жағдай, СЭС, мемлекеттік аудит және басқа салалар) маманданған заңгерлер кеңесін алуға болады. Мұндай шарттар тек мектептер мен балабақшаларға қолданылады. 


Оқи отырыңыз: Сенатор: Кей оқу орындары заңгер дипломын алатындарға "жеңіл" жол ашып қойған


 

Серіктестер жаңалықтары