Оқу-ағарту министрлігі Қазақстандағы мамандандырылған орта білім беру ұйымдарына 8-сынақа қабылдау тәртібін әзірледі. Бұған дейін мұндай шарттар 5, 6, 7 және 10-сыныптар үшін ғана нақтыланған болатын.
Жаңа тәртіпке сәйкес, аталған оқу орындарына 8-сыныпқа қабылдану үшін талапкерлер келесі пәндер бойынша жалпы саны 85 сұрақтан тұратын тест тапсыруы тиіс:
- математика және логика – 30 сұрақ;
- оқу сауаттылығы – 15 сұрақ;
- қазақ тілі мен әдебиет – 40 сұрақ.
Тест тапсыруға 150 минут (2,5 сағат) уақыт беріледі. Бұл уақыт шегіне тест материалдарын тарату, Жауап парағының бөлімдерін толтыру, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарының уақыты көрсетілген уақытқа кірмейді.
Еске салайық, алдағы оқу жылынан бастап лицейлер мен гимназияларға 1-сыныпқа қабылдау үшін балалар енді ешқандай емтихан тапсырмайды.
Оқи отырыңыз: 2024 жылдан бастап лицей мен гимназияға 1-сыныпқа түсу үшін балалар емтихан тапсырмайды
Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 13 наурызға дейін.