Айрықша белгі барлығы 10 адамға табысталды.
"Абай облысының құрметті азаматы" айрықша белгісі бірқатар азаматтарға берілді, деп хабарлады Абай Ақпарат.
Абай облысының құрметті азаматтарының тізімі:
- Бибігүл Ахметқызы Төлегенова – опера әншісі, ҚазССР және КСРО халық әртісі,"Мирас" қоғамдық ұлттық мәдениет қорының вице-президенті;
- Қожағұл Толықбайұлы Тоқабаев – еңбек ардагері, зейнеткер;
- Медеу Сапаұлы Сәрсеке – жазушы, ҚР жазушылар одағының мүшесі;
- Мейрамхат Кәрібекұлы Айнабеков – облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы;
- Хапас Уақасұлы Дәуітов – тыл және еңбек ардагері;
- Дүйсен Сұлтанұлы Сұлтанов – тыл және еңбек ардагері;
- Эккарт Артур Артурович – "Возрождение" неміс қоғамдық бірлестігінің белсендісі;
- Ром Хасанович Ильматов – спорт ардагері;
- Кропачева Вера Михайловна – журналист, "Тема недели" бағдарламасының авторы;
- Маркен Жақияұлы Шайжүнісов – еңбек ардагері, зейнеткер.
Еске салайық, Абай облысы 2022 жылғы 8 маусымда Қазақстан президентінің жарлығымен құрылып, құрамына 1997 жылға дейін бұрынғы Семей облысының құрамында болған аудандар кірген болатын.
Жаңадан құрылған облыстың "Абай облысының құрметті азаматы" айрықша белгісі алғаш рет табысталып отыр.