USD: 471.3 / 474.1
  • EUR: 548.0 / 553.0
  • RUB: 6.47 / 6.59
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Бестөбе кенішінде заңсыз кен қазбақ болған екі адам қаза болды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Полиция "Қазақалтын»"шахтасындағы оқиға бойынша тергеу бастады.

Қазақалтын компаниясына қарасты Бестөбе кенішіндегі шахтада екі адам қаза болды. Қайғылы оқиға 19 мамыр күні "Орталық" шахтасында болған, деп хабарлайды Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Алдын ала мәлімет бойынша, екі азамат шахтаға заңсыз кіріп, кен қазуға әрекеттенген. Алайда жұмыс барысында тау-кен массасы опырылып, оларды топырақ басып қалған.

Марқұмдардың денелері шахтадан шығарылды. Белгілі болғандай, қаза тапқандар Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары болған.

Полиция мәліметінше, оқиға салдарынан 38 және 21 жастағы екі ер адам қаза болды.

"Бестөбе кенішіндегі шахтада тау-кен массасының құлауы салдарынан екі адам қаза болды. Аталған факті бойынша Степногорск қалалық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 269-1-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", – деп хабарлады полиция өкілдері.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз