Forbes журналы әлемнің ең бай бизнесмендерінің тізімін жасады. Бірінші орында, дәл былтырғыдай франциялық кәсіпкер, Louis Vuitton Moët Hennessy басшысы Бернар Арно тұр. Оның байлығы 233 миллиард долларға тең.
Рейтингте екінші орынға Space X және Tesla-ның негізін қалаған, X әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск (195 млрд доллар) тұрса, бай үштікті Amazon иесі Джефф Безос (194 млрд доллар) түйіндейді.
Meta (Facebook және Instagram) компаниясының құрылтайшыларының бірі Марка Цукербергтің байлығы 177 млрд долларға тең. Айта кетерлігі, оның байлығы соңғы бір жылда үш есеге жуық күрт өскен. Сәйкесінше, былтырғы 16-орыннан 4-орынға бір-ақ көтерілді.
Бесінші орынға Oracle директорлар кеңесінің төрағасы Ларри Эллисон (141 млрд доллар) жайғасты.
Forbes мәліметінше, әлемдегі миллиардерлер саны 2781-ге жеткен. Бұл бұрын болмаған көрсеткіш және өткен жылғы көрсеткіштен 141-ге артық. Миллиардерлердің байлығының жалпы көлемі 14,2 трлн долларға тең. Бұл өткен жылғыдан 2 триллион долларға артық.
Оқи отырыңыз: Баяғыда қазақ байлары қандай болған? Байлық пен дәулеттің айырмашылығы