ҚазҰУ базасында халықаралық фарабитанушылар орталығын құру жоспарланған.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетінің ректоры Жансейіт Түймебаев Таяу шығыс мәселелері бойынша сарапшы-маман, саясаттанушы, тарихшы, EUobserver интернет-басылымының бас редакторы Курт Дибофпен кездесті.
Әңгіме барысында ректор оқу орны тарихына тоқталып, ҚазҰУ-дың ұлы философ-ғалым Әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталатын әлемдегі бірден-бір университет екенін атап өтті. "Бұл біз үшін ерекше мақтаныш әрі үлкен жауапкершілік. Ұлы ойшыл заманынан бері 11 ғасыр өтсе де, Әл-Фараби ілімі бүгінгі қоғамда да мәні мен мағынасын жойған жоқ" дей келе, ректор ғұлама ғалымның еңбектерін жан-жақты зерттеу, талдау, кейінгі жастарға насихаттау бағытында атқарылып жатқан ауқымды шараларды тілге тиек етті.
Университетте 1993 жылы құрылған Әл-Фараби орталығы фарабитану мен жалпы қазақстандық ғылымның дамуына қомақты үлес қосып келеді. Орталық жыл өткен сайын шетелдік зерттеу орталықтарымен байланысты нығайтып, Фараби мұраларын түпнұсқа – араб тілінен қазақ тіліне аударып, арнайы кітаптар шығаруда. Әбу Насыр әл-Фарабидың 1 150 жылдық мерейтойына орай әлем ғалымдарының қатысуымен конференциялар ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, университет басшысы ҚазҰУ базасында халықаралық фарабитанушылар орталығын құру жоспарланғанын хабарлап, өзара ынтымақтастыққа шақырды.
Философия докторы, белгілі тарихшы-арабтанушы Курт Дибов өз кезегінде Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерін бірлесіп зерттеуге үлкен ықылас танытты. Таяу Шығыстағы қақтығыстар тақырыбына көптеген мақалалар мен кітаптар арнаған сарапшы-маман Қазақстанның жетекші университетінің ғалымдарымен ынтымақтастыққа аса мүдделі екенін жеткізді.
Кездесуде тараптар Бельгияда әл-Фараби орталығын ашу мен тиімді әріптестіктің маңызды сұрақтарын талқылап, алдағы нақты қадамдарды анықтады. Универсиет басшысы сөз соңында шетелдік қонақтың зерттеу жұмыстарына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Түркістан облысында ірі жасырын есірткі бизнесі мен зертханасы анықталды
-
175
-
0
-
2
-
-
2🚑 Қазақстан өңірлік онкоорталықтарға заманауи жабдықтар сатып алады
-
161
-
0
-
0
-
-
3📣 Бүгін сағат 10:00-де Парламенттің VIII шақырылымының бірінші сессиясы өтеді
-
153
-
0
-
0
-
-
4⚡️Қасым-Жомарт Тоқаевтың парламенттің бірінші сессиясы ашылуындағы сөзі басталды
-
130
-
0
-
0
-
-
5⚡️Президент сөзінен үзінді:
-
128
-
0
-
2
-
-
6⚡️Қазақстан үкіметі өкілеттігін доғарады
-
119
-
0
-
0
-
-
7⚡️Президент сөзінен үзінді:
-
114
-
0
-
1
-
-
8⚡️Президент: партияларға, үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді
-
110
-
0
-
1
-
-
9⚡️Президент: Биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау өтеді
-
111
-
0
-
1
-
-
10⚡️Президент: алдағы бес жыл ел тағдыры шешілетін маңызды кезең болмақ
-
108
-
0
-
0
-