Белгілі публицист Мақсот Ізімұлы өмірден өтті

Фото Мақсот Ізімұлының Facebook парақшасынан алынды
Фото Мақсот Ізімұлының Facebook парақшасынан алынды
Оның демі 65 жасқа қараған шағында үзілді.

Танымал журналист, публицист Мақсот Ізімұлы дүниеден озды. Қаралы хабарды журналист Мақсат Тәж-Мұрат жеткізді. 

Батыс Қазақстан облысындағы "Орал өңірі" газетінде, республикалық "Зерде" журналында, "Ана тілі" газетінде, "Теміржолшы - Железнедорожник", "Аруана" басылымыдарында, "Жалын" журналында және "Қазақ энциклопедиясы" редакциясында түрлі қызметтер атқарды. 

"Арыс" баспасының бас редакторы, "Астана ақшамы" газетінің әдеби редакторы болды. 

"Аяқталмайтын әңгіме" атты кітаптың, "Бедеріндей кестенің" әңгіме-повесть жинақтарының авторы. 2004 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасы бойынша шыққан "Нарық нақыштары" деген анталогияға әңгімесі енген.

 

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз