USDUSD: 498.5 / 501.5
  • EUREUR: 539.0 / 545.0
  • RUBRUB: 5.69 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +2C
Все города

Белгілі дәрігер Камал Ормантаев дүниеден озды

Камал Ормантаев
Камал Ормантаев
Ол ҚазҰМУ балалар хирургиясы кафедрасына 40 жылдан астам уақыт жетекшілік етті.

Қазақстандық белгілі педиатр дәрігер, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері , академик Камал Ормантаев өмірден өтті. Бұл туралы оның ұлы Жарас Ормантай әлеуметтік желіде хабарлады. 

"Бүгін түнде ардақты әкем, қазақстандық балалар хирургиясының негізін қалаушысы – академик Камал Ормантаев өмірден озды", – деп жазды Жарас Ормантай. 

Камал Ормантаев 1936 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1953 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетіне түсіп, медицина саласындағы жолын бастады. 1968 жылы осы институттың балалар хирургиясы кафедрасын басқарды, бұл қазақстандық балалар хирургиясының ғылыми мектебінің қалыптасуына негіз қалады.

Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаушы, педиатр-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының академигі және вице-президенті, 1999 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Ол 20 мыңға жуық күрделі операция жасап, мыңдаған баланың өмірін сақтап қалған. Оның еңбегінің арқасында 1 500-ден астам дәрігер дайындалып, олардың көпшілігі Қазақстанда ғана емес, шетелде де жетекші маман атанды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары