USD: 465.1 / 467.7
  • EUR: 535.0 / 540.0
  • RUB: 5.41 / 5.53
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

Белгілі балалар жазушысы Тілеуғазы Бейсембеков өмірден өтті

Жазушы Тілеуғазы Бейсембеков
Жазушы Тілеуғазы Бейсембеков
Ол 84 жасында жалған дүниемен қоштасты.

Белгілі балалар ақыны мен жазушысы Тілеуғазы Бейсембеков дүние салды. Қаралы хабарды марқұмның туыстары таратты. 

Ақын, жазушы, журналист Тілеуғазы Бейсембеков 1942 жылы Алматы облысы, Бөрлітөбе ауданы, "Прибалхаш" кеңшарында туған.

Ол 1968 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Қарағанды қаласында облыстық арнайы орта музыкалық мектеп-интернатта директордың орынбасары болып қызмет атқарады. 

1979 жылы "Алғашқы кітап", 1982 жылы "Адалдық", 1985 жылы "Қыңыр лақ" өлең кітаптары жарық көрген және бірнеше ұжымдық жинақтарға өлеңдері енген. КСРО Оқу министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Марқұмның жаназа намазы 12 тамызда сағат 11.00-де Астананың Бас мешітінде оқылады. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау