Белгілі асаба Сабыржан Түзелбаев мефедрон қолданғаны үшін ұсталды

Сабыржан Түзелбаев
Сабыржан Түзелбаев
Астаналық асаба Шымкентте қолға түсті.

Шымкентте белгілі асаба Сабыржан Түзелбаев қонақүйде есірткілік затты қолдану үстінде ұсталды. Полиция қызметкерлері тінту барысында қонақ үй бөлмесінен ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған полимерлі пакет және өсімдік тектес зат тауып, тәркілеген. 

"Ер адаммен бірге, алдын ала мәлімет бойынша интимдік қызмет көрсететін әйел болған. Ұсталған азамат тәркіленген заттардың мефедрон және "мак" екенін, оларды жеке қолдану үшін сатып алғанын көрсетті. Тәркіленген заттардың нақты құрамы мен мөлшері анықталуда. Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – делінген ресми хабарламада. 

Фото: Polisia.kz

Сабыржан Түзелбаев "Супер тамада" лақап атымен танымал. Бұған дейін ол тойлардың бірінде өрт сөндіру саласында істейтін маманға "өртің көп болсын" деп сәтсіз тілек айтып, желі қолданушыларының өткір сынына және халықтың ашу-ызасына қалған болатын.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау