USD: 472.1 / 475.1
  • EUR: 542.0 / 547.0
  • RUB: 5.85 / 5.97
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Белгілі ақын, қаламгер Ахметжан Срапилов өмірден өтті

Фото: Qazaq gazetteri
Фото: Qazaq gazetteri
Оның ұйғыр тілінде жазған шығармалары қазақ, орыс, беларусь тілдеріне тәржімеленген.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов 64 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы таратты

Ахметжан Срапилов 1963 жылы 29 наурыз күні Алматы облысы Ұйғыр ауданының Кіші Ақсу ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Илия Бахтия атындағы Шонжы ұйғыр орта мектебін, 1988 жылы Абай атындағы ҚазПИ ның филология факультетін бітірді. 

Ахметжан Срапиловтың еңбек жолы Ұйғыр ауданының А.Розибакиев атындағы совхозда жұмыс атқарудан басталып, әр жылдарда республикалық "Коммунизм туғи" (қазіргі "Уйғур авази") газетінде корректор, "Жазушы" баспасынан шығатын ұйғыр тіліндегі "Пәрваз" альманахында редактор, Ұйғыр аудандық "Или вадиси - Ілі шұғыласы" газетінде әдебиет бөлімінің бастығы, жауапты хатшы, "Коммунизм туғи" (қазіргі "Уйғур авази") газетінің Ұйғыр және Панфилов аудандары бойынша меншікті тілшісі, 2002-2018 жылдары аталған газеттің әдебиет бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 2019-2023 жылдар аралығында "Ижаткар" ("Қаламгер") әдеби журналының бас директоры болды. 2023 жылдан өмірінің соңына дейін "Уйғур авази" газетінде әдебиет бөліміне жетекшілік етіп келді.

"Ахметжан Срапиловтың шығармашылығы өткен ғасырдың 80-жылдары басталып, "Қиранлар қияда яшайду", "Пуған", "Сарғайған хәтләр" кітаптары жарық көрді. Шығармалары қазақ, орыс, беларусь тілдеріне тәржімеленген. Ол аудармашы ретінде де танылған қаламгер еді. Жазушының шығармалары мектеп оқулықтарына енгізілген. Өзіне ғана тән ерекшелігімен оқырманның жүрегіне жол тапқан, күндіз-түні аянбай еңбек етіп, өз тағдырын әдебиет пен журналистикаға арнаған Ахметжан Срапиловтың жарқын бейнесі есімізде мәңгі сақталады", – делінген көңіл айту хабарламасында. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау