Белгілі ақын Елубай Әуезов өмірден өтті

Ақын Елубай Әуезов
Ақын Елубай Әуезов
Ол 59 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Елубай Әуезов 59 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлады Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі.

Елубай Жұманұлы Әуезов 1967 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бесарық ауылында дүниеге келген. Қызылордадағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының түлегі. Алғашында өзі туып өскен Бесарық ауылындағы №147 мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген. Облыстағы қос телеарнада он жылға жуық еңбек еткен. Облыстық "Сыр бойы" газетіне бөлім меңгерушісі, облыстық "Ел тілегі" газетіне бас редактор. "ҚазАқпарат" Халықаралық Ақпараттық агенттігінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған.

"Жыр тұғырым– тәуелсіздік", "Бесарық бастауы", "Сүйген жүрек", "Сырдың сырлы сандығы" тағы басқа да ұжымдық жыр жинақтарына өлеңдері енген. "Мен таныған тылсым", "Түпсана жаңғырығы" және т.б жыр жинақтарының авторы.

Қазақстан Жазушылар одағының Басқармасы марқұмның туған-туысқандары мен жақындарына, қалың оқырман қауымға қайғырып көңіл айтады. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау