USD: 462.9 / 465.5
  • EUR: 533.0 / 538.0
  • RUB: 5.31 / 5.43
Толығырақ
Тікелей эфир
Алматы +23C
Все города

Белгілі ақын Бекжан Әшірбаев өмірден өтті

Ақын Бекжан Әшірбаев
Ақын Бекжан Әшірбаев
Ол 52 жасқа қараған шағында жалған дүниемен қоштасты.

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлады Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі

Бекжан Әшiрбаев 1974 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, "Ленин жолы" ұжымшарында дүниеге келген.

1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiн үздiк бiтiрген. Сол жылдан берi аталмыш бiлiм ордасында қызмет атқарып келді. Журналистика саласында елеулі еңбек етті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың республикаға тарайтын "Қазақ университетi" газетiнiң бас редакторы (2002-2006); Республикалық "Azamat.kz" қоғамдық-саяси апталығы бас редакторының бiрiншi орынбасары (2005-2006); Республикалық "Ел мен Жер" қоғамдық-саяси апталығының бас редакторы (2006); Республикалық "Жас қазақ үнi" газетi бас редакторының орынбасары (2007); Қазақстан Жазушылар Одағына қарасты республикалық "Қазақ әдебиетi" газетi бас редакторының бiрiншi орынбасары т.б. қызметтерді атқарды.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесi. Республикалық "Қазақ әдебиетi", "Жұлдыз", Жас қазақ үнi", "Azamat.kz", "Парасат" басылымдарында топтама өлеңдерi жарияланды. 2008 жылы "Жазушы" баспасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша жарық көрген "Қоңыр әуен" өлеңдер кітабының және өзге де жыр жинақтарының авторы.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау