USD: 470.1 / 472.9
  • EUR: 548.0 / 553.0
  • RUB: 6.31 / 6.43
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Бектенов ҚҚС өсірудің көлеңкелі экономикамен күреске үш әсерін атады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Премьер-министрдің сөзінше, көлеңкелі экономика деңгейі мен ҚҚС мөлшерлемесінің тікелей байланысы жоқ.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап бере отырып, ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруі мен көлеңкелі экономика деңгейі арасында тікелей байланыс жоқ екенін айтты. Бұған ретроспективті талдау нәтижелері дәлел. 

Мәселен, 2006 жылы ҚҚС мөлшерлемесі 15% болған кезде көлеңкелі экономиканың деңгейі жалпы ішкі өнімнің 19,8 пайызын, ал сауда саласындағы көлеңкелі экономиканың мөлшері 2,7 пайызды құраған. 

Ал кейінгі жылдары ҚҚС мөлшерлемесі кезең-кезеңімен 12 пайызға дейін төмендесе, саудадағы көлеңкелі экономика көлемі керісінше жылдан жылға ұлғайып, 2016 жылы жалпы ішкі өнімнің 9,2 пайызына дейін жеткен. 

"2022 жылы ҚҚС мөлшерлемесі 12 пайыз болған кезде сауда саласындағы көлеңкелі экономика көлемі жалпы ішкі өнімнің 3,1 пайызды құрады. Мөлшерлеме төмендесе де, саудадағы көлеңкелі экономика деңгейі төмендеген жоқ. Бұдан басқа, Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесі төмен, яғни 12 пайыз мөлшерінде болғанымен, көлеңкелі экономика деңгейі ҚҚС мөлшерлемесі жоғары Еуропа елдеріне қарағанда жоғары болып қалып отыр. Бұдан көлеңкелі экономика деңгейі мен ҚҚС мөлшерлемесінің тікелей байланысы жоқ екендігі айқын көрінеді", – деді үкімет басшысы. 


Оқи отырыңыз:


Депутаттық сауалға жауабында Олжас Бектенов ҚҚС арттырудың көлеңкелі экономикамен күреске үш әсері барын айтты. Олар: 

  • Бизнес, әсіресе экспорттаушылар жеткізілімдер тізбегінің ашық болуына көбірек мүдделі. ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі есепке жатқызуға болатын салық сомасын ұлғайтады. 
  • Есепті автоматтандыруға қызығушылық артады. ҚҚС мөлшерлемесі өскенде компаниялар қателіктерді азайту үшін цифрлық құралдарды белсенді түрде енгізе алады, өйткені мұндай қателіктер қазіргіден де қымбатқа түседі. 
  • Салық органдарында салықтық әкімшілендіруді жақсартуға деген стимул пайда болады. ҚҚС мөлшерлемесі жоғары болған сайын шаралар да қазіргіден тиімдірек болады. Сондықтан ҚҚС-ның артуымен салықтық әкімшілендіруді жақсарту және заңды бизнесті қолдау шаралары қатар қабылданатын болады.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз