Тікелей эфир

Бектенов көмір мен мазут жеткізу мәселелерін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды

Энергетика министрлігі стансаларға арналған мазутты тым кеш, яғни, 15 тамызда үлестіріп берді.

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов жауапты министрлер мен облыс әкімдерінің назарын стансаларды отын қорымен қамтамасыз етуге аударды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Конкурстық рәсімдердің кеш өткізілуіне байланысты сұрақтар туындап отырғаны баса айтылды.  

Мәселен, Энергетика министрлігі стансаларға арналған мазутты тым кеш, яғни, 15 тамызда үлестіріп берді.

Логистиканы, қауырт жұмыс барысында туындайтын цистерна мен вагон тапшылығын және басқа да мәселелерді ескеретін болсақ, мазут пен көмір қоры уақтылы дайындалады дегенге сену қиын.

"Біз Үкіметте көмір тасымалында дүрбелең туғызбай, вагон тапшылығын болдырмау үшін шарттарды ерте жасау, жеткізу кестелерін бекіту қажеттігі туралы бірнеше рет айттық. Өнеркәсіп және көлік министрліктеріне көмір мен мазут жеткізу бойынша ҚТЖ мен өңірлердің міндеттемелерін орындау мәселелерін қатаң бақылауда ұстауды тапсырамын", – деді Олжас Бектенов.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары