Тікелей эфир

"Бейнеу-Бозой-Шымкент" құбырын салу үшін 51 гектар орман алқабы пайдаланылады

Жер "Бейнеу-Шымкент газ құбыры" компаниясының меншігіне өтеді.

Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральды құбырының құрылысы үшін жалпы ауданы 51,3574 гектар болатын жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертіп, "Бейнеу-Шымкент газ құбыры" компаниясына беру жоспарланып отыр. 

Атап айтқанда, "Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі", "Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі", "Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі", "Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі" және "Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі" орман қоры жерлерінен жалпы алаңы 51,3574 гектар жер учаскесi өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылады.

"Серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүректі көрсетілген мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын" делінген қаулы жобасында. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары