USD: 487.9 / 490.5
  • EUR: 565.5 / 570.5
  • RUB: 6.57 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Бейіт биіктігі 70 сантиметрден аспауы керек: Қырғызстанда жерлеу рәсімдері ресми бекітілді

Енді бейіт басына тас, мәрмәр, гранит, металл құлыптастар қоюға тыйым салынады.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Жерлеу және жерлеу рәсімдері туралы" заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы президентінің сайтында жазылған. 

Айта кетейік, бұл қырғыз қоғамында қайшылықты пікірталас тудырған шулы заңдардың бірі. 

Жаңа заңға сәйкес, мұсылмандар арасында жерлеу рәсімдері бір стандартқа негізделеді, сондай-ақ енді ысырапшылдыққа жол берілмейді. Бұл үшін Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы марқұмды жерлеу рәсімдері, оның басына қабір салу, ескерткіш орнату рәсімдерін реттеу үшін арнайы пәтуалар шығарады. 


Оқи отырыңыз:


Мысалы, аталған заңның 22-бабына сәйкес, зиратқа тастан, граниттен, мәрмәрдан, металдан жасалған ескерткіш, мүсін, құлыптастар қоюға рұқсат жоқ. Мұндай белгілерді тек тарихи-мәдени маңызы бар зираттарға қоюға рұқсат етіледі. 

Сондай-ақ, бейіт биіктігіне қатысты да шектеулер бар. Мысалы, бейіт биіктігі 70 сантиметрден аспауы тиіс. Бұл қоғам ішінде зәулім бейіттер салып кеткен теріс үрдісті жою үшін қолға алынып отыр. 

Жерлеу және құдай жолында ас беру аясында да шектеулер көп болмақ. Біріншіден, ысырапшылдыққа тыйым салынса, екіншіден, этикаға қайшы діни әдет-ғұрыптардың орындалуына енді жол берілмейді. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз