
Өңір диқандары биыл жоспарды жылдағыдан артық орындап, қамбаға мол өнім құйды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша 202 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар егілген болса, бүгінде соның 97 пайызы немесе 196 мың гектары орылды. Қазір әр гектарынан 16,1 центнерден өнім алынып, алғашқы кіріс салмақта 314,2 мың тонна астық жиналған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,7 есеге артық.
Айта кетейік, былтыр 176,2 мың тонна астық жиналған болатын.
"Егін егу жұмыстарының алдында және вегетациялық кезеңде қалыптасқан ауа райы жағдайы егіннің бітік шығып, өнімнің мол жиналуына септігін тигізді деп есептейміз. Бұл өңір диқандарын қуантып отыр. Облыста лицензиясы бар 7 астық қабылдау кәсіпорны бар. Барлық астық сақтау қоймаларының сыйымдылығы – 504 мың тонна", – деді БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Денис Омашев.
Бұдан өзге майлы дақылдар бойынша егін орағы жалғасуда. Биыл облыста 186 мың гектарға майлы дақылдар егілсе, бүгінде 49 мың гектар жерден мақсары орылған. Осылайша, 9,3 ц/га орташа өнімділікпен 45,2 мың тонна өнім алынған. Сондай-ақ, картоп, көкөніс-бақша дақылдарының жиын-терім жұмыстары да жалғасуда.
Егін орағына және күзгі-далалық жұмыстарға 14 165 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген. Жеткізуші оператор болып жанармай саудасы қызметімен айналысатын компанияларының бірі анықталған болатын. Дизель отынының бағасы литріне 195 теңгені құрайды. Егін жинау және мал азығын дайындау жұмыстарына 4 955 трактор мен 940 комбайн және басқа да ауыл шаруашылығы техникалары пайдаланылған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿🇪🇺 Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускасты қабылдады
-
220
-
0
-
2
-
-
2🎥 Шымкентте шлем киген ұрылар камераға түсіп қалды
-
229
-
0
-
0
-
-
3💵Бақордадағы базардың бұзылатынын естіген саудагерлер бас көтерді
-
256
-
0
-
0
-
-
4⚡️Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, үш адам қаза тапты
-
248
-
0
-
0
-
-
5🎾 Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Мысырдағы ITF турнирінің жартылай финалына шықты
-
166
-
0
-
2
-
-
6👀Ақтау қаласында көп қабатты үйдің едені опырылып түскен
-
158
-
0
-
2
-
-
7⚡Семейде учаскелік полицей кішкентай қызды мас адамнан құтқарып қалды
-
114
-
0
-
0
-
-
8Жыл басынан бері 245 адамның медициналық құқығы бұзылған
-
23
-
0
-
1
-