USD: 489.1 / 491.7
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Батыс Қазақстан облысында жеке тұрғын үй құрылысына 200-ден астам жер учаскесі берілді

depositphotos.com
depositphotos.com
Облыста жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 237 жер учаскесі табысталды.

Бұл туралы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Өмірәлиев мәлімдеді. Жалпы, қазір жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін алу үшін облыс бойынша 161 318 адам кезекте тұр. 

Сондай-ақ, биыл жеке тұрғын үй құрылысына берілетін жер учаскесінен бөлек инженерлік желілермен қамтамасыз етілген 2291 жер учаскесін бірқатар аудандарға беру жоспарланып отыр.

"Орал қаласы бойынша Круглоозерное кенті аумағынан жеке тұрғын үй құрылысына арнайы есептегі 2002, 2003, 2004 жылдың 1 және 2 тоқсанында тіркелген 900 азаматтарға жер учаскелерін беру үшін өтініштерді қабылдау жүргізілді. Күні бүгінге жоғарыда көрсетілген 900 азаматтардан 617 өтініш келіп түсіп, оның 511-не Орал қаласы бойынша жер учаскесін беру туралы қаулы жобалары қабылданды", – деді Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Өмірәлиев.

Қазір қалған 283 азаматтардың тізімі Орал қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланып, тізімде тұрған азаматтарға "қала әкімдігіне келіп жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға өтініш беру" жөнінде хабарламалар жолданып жатыр.

Айта кетейік, биыл ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесін алуға кезекке қою процесі автоматтандырылған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз