Тікелей эфир

Батыс Қазақстан облысында Sarap эксперттік клубы зиялы қауыммен кездесті

"Сайлау - 2022: Жаһандық сын-қатерлерге жауап" тақырыбында Оралда Sarap эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті.

Басқосуға саясаттанушылар мен қоғам белсенділері, мәслихат депутаттары қатысып, алдағы сайлаудың өзектілігі және өзге де маңызды мәселелерді талқыға салды. Күн сайын сан құбылған ғаламда мемлекетіміздің іргесінің бүтіндігін сақтау үшін біз қандай да болсын жаңашылдыққа, өзгерістер мен түрлі ықпалдарға дайын болып, қарсы тұруға, әрмен қарай да нық қадам басуға дайын болуымыз қажет. Жиынға қатысқандар кезектен тыс президент сайлауы тақырыбында пікір алмасты.

Мұнымен қоса алдағы сайлауға азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті. БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Ерсайынұлы өңірде халықтың әл-ауқатын оңалту үшін атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды.

"Батыс Қазақстан облысының табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 99,8 пайызға жетті. Өзге де өңірімізде атқарылған жұмыстар ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Осының бәрі күні бүгінге дейін президентіміздің жолдауларында берген тапсырмаларының орындалуының нәтижесі. Халыққа сайлаудың мән-маңызын  кеңінен түсіндіру үшін зиялы қауым тұрақты жұмыстанады. Елдің мұң-мұқтажын тыңдап, заңдағы енгізілген өзгерістер жөнінде хабардар қылып , тұрғын үй алуға берілген сертификаттар жөнінде ақпарат береді", – деді ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Галиев. 

Sarap эксперттік клубы Тараз, Шымкент, Қызылорда, Көкшетау, Қостанай, Талдықорған, Алматы қалаларын аралап, елдегі шешуді талап ететін мәселелер, реформалар, президент сайлауы сынды саяси процестер қалай жүзеге асып жатқанына баға беруде. Айта кетейік, клуб Қазақстан қоғамдық даму институтының жанынан құрылған.

"Көп елдерде ішкі тұрақсыздық орын алуда. Адамзатың рухани артта қалуы, бұрыс жолға түсу, ғылыми прогреске ілесе алмау сынды кемшіліктер бар. Біз сайлауды мерзімінен ерте өткізудеміз. Әлемдегі сын қатерлерге қалай төтеп бере аламыз? Дайынбыз ба? Қандай деңгейде?" – деген сауалдар мазалайды деген Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Серікқазы Кәкібалам әр азамат өз құқығын білуі тиіс екенін атап өтті.

 

Сондай-ақ, жиында сайлаудың саяси жүйедегі рөлі, саяси науқан барысындағы ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Серіктестер жаңалықтары