
БҚО-да 2022 жылдың 20 қарашасына жоспарланған кезектен тыс президент сайлауына дайындық пен өткізу мәселелері пысықталған семинар кеңес өтті.
Орал қаласының Бөкеева атындағы қазақ драма театрындағы басқосуға ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов қатысты. Бүгінде кандидаттардың үгіт-насихат жүргізу кезеңі басталып кетті. Бұл жұмыстар қараша айының 19-ына дейін жалғасады. Полиция қызметкерлері тұрғындарды ақпараттандыру кезінде ескерткіштер мен өзге де ғимараттар, әлеуметтік нысандар қабырғасына үн парақтар мен афишаларды ілуге болмайтынын қатаң ескертті.
"Қазір сайлау науқаны қызу өтіп жатырғанын сіздер жақсы білесіздер. Өздеріміздің жоспарымыз бойынша үшінші кезеңге көштік. Бірінші кезең-кандидаттарды ұсыну. Сол кезеңге 12 үміткер қатысып, құжаттары қаралып, Конституциялық сайлау туралы заң талаптарына сай болғандықтан 12 үміткер де тағайындалды. Сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері тест тапсырды. Бұл сайлау науқанына жеңіл қарауға болмайды. Бұл жолғы сайлауға жаңа талаптар қойылады", – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.
Облыста 505 сайлау учаскесі бар. Оның 14 жабық режимде жұмыс жасаса, 120-дан астамы Орал қаласы аумағында орналасқан. Өңірде президент сайлауы бойынша нақты шаралар қабылдануда. Саяси науқанда арнайы комиссияға артылар жауапкершілік те, салмақ та көп. БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов сайлауға вахталық әдіспен жұмыс жасайтын азаматтар мен студенттерді қатыстыру үшін шаралар қолға алынып жатқанын атап өтті.
"Бізді мазалайтын санат-студенттер мен вахталық әдіспен жұмыс жасайтын азаматтарды сайлауға қатыстыру. Осы мәселе бойынша аудандық, қалалық әкімдіктермен, жоғары, орта арнаулы оқу орындарымен үлкен жұмыс жасалып жатыр. Тізім құрылып, вахталық әдіспен қызмет атқаратын жандар саны нақтыланып, 5789 сайлаушы тізімге енгізілді", – дейді БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.
Дауыс беру учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлауға қатысуына жағдай жасалады. Орталық сайлау комиссиясының қатысуымен ұйымдастырылған көшпелі жиындар комиссия мүшелеріне әдістемелік көмек беруге негізделіп, сайлаудың жоғары деңгейде өткізілуі үшін учаскелер дайындығын пысықтауға бағытталады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1👩🍳 "Аспаздар жұмыс істеуден бас тартып отыр". Павлодарда ауруханада жатқан науқастарды тамақтандыру тоқтатылуы мүмкін
-
294
-
0
-
0
-
-
2👩🏫 Патронат тәрбиешілердің жалақысы екі есе артты
-
287
-
0
-
0
-
-
3🚈 "Қазақстан темір жолы" кей пойыздардың кешігіп жүретінін ескертті
-
286
-
0
-
0
-
-
4🚘 Алматыда аз уақытта 92 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды
-
308
-
0
-
0
-
-
5⛽️ Шілдеде газдың көтерме саудадағы шекті бағасы өседі
-
311
-
2
-
2
-
-
6🚭Қазақстанда вейп-өнімнің айналымына толықтай тыйым салынуы мүмкін
-
305
-
0
-
1
-
-
7👨⚖️ Депутат Жигули Дайрабаев сотта жеңілді
-
291
-
0
-
1
-
-
8🚒 Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі жанып кетті
-
228
-
0
-
0
-
-
9📲 Шығыс Қазақстанда биыл 73 ауылда мобильді интернет жылдамдығы артады
-
214
-
0
-
1
-
-
10🏋️♀️ Қазақстанда спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушыларына қосымша ақы төлене бастады
-
230
-
0
-
0
-