Тікелей эфир

Батыс Қазақстан облысында құрылысы жылдар бойы тұрып қалған нысандардың мәселесі шешілді

Өңірде 2020-2023 жылдары басталып, аяқталмаған 55 әлеуметтік нысан тіркелген болатын.

Аталған нысандардың тұрып қалуына мердігерлердің жауапсыздығы, қаржыландырудың тоқтап қалуы, қажетті материалдардың жетіспеушілігі және тағы басқа жағдайлар себеп болды, деп хабарлады БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Алайда 2023-2024 жылдары нысандардың құрылысы қайта жанданып, бүгінгі таңда 53 нысан салынып бітті. Атап өтерлігі, нысандардың қатарында – тұрғын үйлер, мектептер, спорт кешендері, су құбырлары және тағы басқалар болды.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев мердігерлерді жауапқа тартып, тиісті қаражат көздерін тауып мәселеге нүкте қойды.

Мәселен, БҚО Тасқала ауданында шынықтыру-сауықтыру кешені және  Теректі ауданында үш қабатты тұрғын үйлердің құрылысы 2020 жылы басталып, 2022 жылы аяқталу керек еді. Алайда түрлі себептерге байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап қалған. Облыс әкімінің тапсырмасымен аталған мәселе бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, биылғы жылы нысандардың құрылысы толықтай аяқталды.


Оқи отырыңыз: БҚО-да екі жылда маңызды салаларға 500-ден астам қажетті техника сатып алынды


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары