USD: 479.5 / 482.1
  • EUR: 544.5 / 549.5
  • RUB: 5.89 / 6.01
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Баспасөз хатшысы Тоқаевтың швейцариялық банктегі қаржылық шоты туралы ақпаратты жоққа шығарды

Президенттің шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған және шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелдік банкте шоттары мен жылжымайтын мүлкі жоқ, деп мәлімдеді президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли

"Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатқандай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ. Сондай-ақ президенттің шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған және шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ", – деп жазды Берік Уәли.

Мұнымен қатар, ол президенттің бұрынғы жұбайының да швейцариялық банкте еш шоты жоғын айтып өтті. 

"Қасым-Жомарт Кемелұлының бұрынғы жұбайының да мақалада жазылғандай ешқашан қаржылық шоты болмаған. Тимур Тоқаевқа келетін болсақ, жасы 38-де. Ол – кәсіпкер, ешқашан мемлекеттік қызметте істемеген. Өздеріңіз білесіздер президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге, реформаларды жүзеге асыруға күш салып келеді. Бұл мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан фейк ақпараттық шабуылы деп ойлаймын",  – деп қосты Берік Уәли. 

Еске салсақ, мемлекет басшысы жаңа саяси реформаларды күзде емес, наурыздың ортасында халыққа жолдауында ұсынатынын мәлімдеді. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау