Тікелей эфир

Бас прокуратура Айдос Садықовқа қастандық жасау фактісі бойынша тергеуді бастады

Бас прокуратура қылмыстық істі тергеу барысын бақылауға алды.

Бас прокуратура Айдос Садықовқа қастандық жасау фактісі бойынша тергеуді бастады.

Бүгін мемлекет басшысының тапсырмасымен 18 маусым күні Киевте Айдос Садықовтың өміріне қастандық жасау фактісі бойынша ҚР бас прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу бастаған. 

"Қылмыстық іс бойынша тергеу-жедел тобы құрылды. Ол қылмысты ашуға және күдіктілерді ұстауға бағытталған қажет жедел іздестіру шараларын жүргізеді", – делінген хабарламада.

Бас прокуратура қылмыстық істі тергеу барысын ерекше бақылауға алды. 

Еске салайық, 18 маусымда Киевте тұратын журналист Айдос Садықовты үйінің жанында әлдебіреулер атып кетті. Ол қазір ауруханада жатыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары