ҚМДБ басшысы сұйытылған газ бағасына байланысты наразылықтардан кейін ел тұрғындарына бейнеүндеу жасады.
"Ата-бабамыздың арманы болған Тәуелсіздігімізге осыдан 30 жыл бұрын қол жеткіздік. Қазіргі таңда осы Тәуелсіздікті сақтау – әрбір қазақстандық үшін қастерлі, қасиетті борыш. Алла Тағала Тәуелсіздігімізді баянды етсін. Тыныштығынан айырылған ел – жұлдызы жоқ аспан іспетті дейді. Тыныштық болмаса, кәсіптің, дүниенің еш пайдасы болмайтыны баршаңызға белгілі", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бас мүфтидің айтуынша, Алла Тағала қасиетті Құранда "Жер бетінде тыныштық орнағаннан кейін бүлік жасамаңдар" дейді.
"Қазіргі уақытта, қадірлі ағайын, баршамызға бірлік, бауырмалдық қажет. Сондықтан барлығымыз Алладан елдің бірлігін, тыныштығын сұрайық. Осы ел үшін, елдің бірлігі үшін әрқайсымыз шамамыз келгенше үлес қосуға тырысайық. Жаратушы Алла Тағала біздің елімізге, Отанымызға ауызбіршілік, ынтымақ нәсіп етсін! Алла тіл-көзден сақтасын. Ішімізді даудан, сыртымызды жаудан сақтасын! Жаратушы Жаппар иеміз қазақ халқына ауызбіршілік, ынтымақ беріп, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін", – деді Бас мүфти.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Тоқаев Үкіметке Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды
-
387
-
0
-
7
-
-
2🚨Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Газиантеп қаласында іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті
-
380
-
0
-
7
-
-
3🚦Астана, Алматы мен Шымкентте жол ережесін бұзудың 86%-ы стационар камера арқылы анықталған
-
353
-
0
-
1
-
-
4Қазақстаннан тағы 60 құтқарушы Түркияға көмекке барады
-
335
-
0
-
3
-
-
5Алматы облысында 8 автокөлік соқтысып, жол апатынан бір адам қайтыс болды
-
327
-
0
-
0
-
-
6Ақмола облысында 1,3 млрд теңге бюджет қаржысын жымқыру бойынша күдіктілерге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
-
327
-
0
-
2
-
-
7Бала күтіміне төленетін жәрдемақыны қалай есептеуге болады?
-
324
-
0
-
2
-
-
8Зейнетақы жинағын пайдалану: 2023 жылы қанша өтінім және қандай мақсатта мақұлданды?
-
324
-
0
-
2
-
-
9Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
-
309
-
0
-
3
-
-
10Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 8 мыңға жуықтады
-
341
-
0
-
4
-