Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі ҚҰБ нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.
Қазақстан ұлттық банкі номиналы 500 теңгелік "Шығыс күнтізбесі" монеталар сериясынан "Барыс жылы" алтын және күміс коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Монеталардың дизайнында "Шығыс күнтізбесі" субұрқағының сәулет элементтері пайдаланылды. Мүсіндік композицияны суретші-монументалист В. Твердохлебов, А. Татариновпен және В. Кацевпен бірлескен авторлықта жасаған.
"Монеталардың аверсінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символы мен монета дайындалған металды, оның сынамасы мен массасын білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра "Қазақстан Республикасы" және Republic of Kazakhstan деген жазулар, күннің стильдендірілген бейнесі және монетаның номиналы бейнеленген. Реверсінің орталық бөлігінде шығыс күнтізбесі бойынша 2022 жылдың символы – барыс бейнесі бейнеленіп, айналдыра "2022", "Шығыс күнтізбесі", "Восточный календарь" және Oriental calendar деген жазуы бар. Ішкі жағында шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан", – делінген хабарламада.


Монеталар:
1) 999/1000 сынамалы алтыннан жасалған, массасы – 7,78 грамм, диаметрі – 21,87 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 1 000 дана;
2) 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 3 000 дана.
"Номиналы 500 теңгелік алтын және күміс монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында нақты құнымен төлемнің барлық түрі бойынша, сондай-ақ, банк шоттарына есептеу, аударым жасау үшін қабылдануға, Қазақстан Республикасының барлық банкінде ұсақталуға және айырбасталуға жатады", – делінген хабарламада.
Алтын және күміс монеталар кәдесый орамасымен шығарылады, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі ҚҰБ нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
418
-
0
-
1
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
415
-
0
-
1
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
401
-
0
-
8
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
381
-
0
-
5
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
361
-
0
-
3
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
361
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
361
-
0
-
5
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
363
-
0
-
4
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
363
-
0
-
2
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
366
-
2
-
5
-