Астанада "Баршаға мүмкіндік" модульдік пунктерінде тұрғындар мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес ала алады.
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, JOLTAP әлеуметтік жобасы мемлекеттік қолдау шаралары, атаулы әлеуметтік көмек, бизнес ашу үшін өтініш беру, оқыту, жұмыс іздеу бойынша кеңес беру мүмкіндігін ұсынады.
Жоба елорда әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылады және тілек білдірушілер үшін қолжетімді. Жобаға барлығы қатыса алады.
JOLTAP жобасының мақсаты – халықтың табысын арттыру үшін мүмкіндіктерді таңдауға көмектесу және жол көрсету.
Күн сайын "Баршаға мүмкіндік" модульдік пунктерінде мына мекенжайлар бойынша кеңес жүргізіледі:
- "Ailand", Қорғалжын тас жолы, 2;
- "Magnum" супермаркеті, Еділ көшесі, 26;
- "Жастар" сарайы, Республика даңғылы, 34;
- "Тұлпар" СО, Ш. Уәлиханов көшесі, 24;
- "Euromall" СҮ, Қосшығұлұлы көшесі, 23;
- "Встреча" СҮ, Абылай хан даңғылы, 31;
- "Mechta" СҮ, Сығанақ көшесі, 3;
- "Asia Park" СОО, Қабанбай батыр даңғылы, 21;
- "Саянұр" базары, Тілендиев даңғылы, 24/5;
- "Big Шанхай" базары, Алаш тас жолы, 32а.
Оқи отырыңыз: Депутат: Қазақстандық жастардың 30 пайызы ЖОО-дан соң бірден жұмысқа тұрмайды